Қазақстан мен Таиланд астаналары арасында тікелей әуе қатынасы ашылады

0
142

Қазақстанның халықаралық маршруттық желісін кеңейту және қолданыстағы бағыттар бойынша рейстер санын арттыру жұмыстары жалғасуда.


Қазақстан мен Таиланд астаналары арасында тікелей әуе қатынасы ашылады

ERNUR.KZ. Осыған орай, 2026 жылғы 11 желтоқсаннан бастап «Air Astana» авиакомпаниясы Астана – Бангкок (Таиланд) бағыты бойынша тікелей рейстерді орындауды жоспарлап отыр. Рейстер аптасына екі рет Airbus A321LR әуе кемелерімен орындалады. Осылайша, жаңа әуе бағыты іске қосылғаннан кейін Қазақстан мен Таиланд арасындағы рейстердің жалпы саны 4 бағыт бойынша аптасына 20 рейске дейін ұлғаяды, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі.

Қазіргі уақытта Таиландқа мынадай бағыттар бойынша рейстер орындалады:

Алматы – Пхукет, аптасына 7 рейс (Air Astana);

Алматы – Бангкок, аптасына 9 рейс (Air Astana – 6, Thai AirAsia X – 3);

Шымкент – Бангкок, аптасына 2 рейс (SCAT).

Екі мемлекеттің астаналары арасындағы жаңа әуе бағыты туристік және іскерлік сапарлар үшін мүмкіндіктерді кеңейтіп, Қазақстан мен Таиланд арасындағы байланыстарды одан әрі нығайтуға ықпал етеді.