Қазақстан мен Сербия астаналары арасында тікелей әуе қатынасы іске қосылды

0
95

Астана – Белград – Астана рейстері аптасына екі рет (дүйсенбі және бейсенбі) заманауи Boeing 737 ұшақтарымен орындалады.


Қазақстан мен Сербия астаналары арасында тікелей әуе қатынасы іске қосылды

ERNUR.KZ. Тікелей қатынасты іске қосу туралы келісімге Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Сербияға сапары кезінде қол жеткізілді. Жоба Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің және Сербиядағы Қазақстан елшілігінің қолдауымен мүмкін болды, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі.

Қазақстан мен Сербия арасында визасыз режим қолданылады. Ұшу ұзақтығы 5 сағат 40 минут. Бұл бағыт бойынша жолаушылар тарапынан жоғары сұраныс күтілуде – алғашқы рейсте 92 жолаушы болды.

Астана – Белград – Астана рейстері аптасына екі рет (дүйсенбі және бейсенбі) заманауи Boeing 737 ұшақтарымен орындалады.