Өскемен әуежайынан Владимир Колокольцевті Қазақстанның ішкі істер министрі Ержан Сәденов күтіп алды
фото: Посольство России в Казахстане
ERNUR.KZ.   Ресейдің ішкі істер министрі Владимир Колокольцев Өскеменге барды, деп жазады sputnik.kz.
Ол екі елдің ішкі істер министрліктерінің бірлескен алқасының отырысына қатысады.
Күн тәртібінде жедел-іздестіру қызметі және синтетикалық есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл саласындағы ынтымақтастық перспективалары қарастырылады.
Өскемен әуежайынан Владимир Колокольцевті Қазақстанның ішкі істер министрі Ержан Сәденов күтіп алды.

 
                        

 
                         
                    









 
                     
                     
                     
                     
                    
