Қазақстан мен Қытай шекарасындағы өткізу бекеттері екі күнге жабылады

0
251


Қазақстан мен Қытай шекарасындағы өткізу бекеттері екі күнге жабылады

Фото: pixabay

ERNUR.KZ. Мерекеге байланысты Қазақстан мен Қытай шекарасындағы өткізу бекеттері екі күнге жабылады, деп жазады Stan.kz.

Ресей Федералдық кеден қызметінің өз азаматтарына берген мәліметінше, шектеулер автомобиль өткізу бекеттеріне де қатысты болады.

“Шекара бекеттерінің жабылуына себеп – Қазақстанның Тәуелсіздік күнін мерекелеу. 16 және 17 желтоқсанда Қазақстан мен Қытай шекарасындағы келесі автомобиль өткізу бекеттері жұмыс істемейді”, – делінген жазбада.

Нақты айтқанда:

  • "Бақты" (Абай облысы);
  • "Майкапшагай" (Шығыс Қазақстан облысы);
  • "Достық" және "Нұр жолы" (Жетісу облысы);
  • "Қольжат" (Алматы облысы) жұмыс істемейді.

"Достық" және "Алтынколь" теміржол өткізу бекеттері қалыпты режимде жұмысын жалғастырады.