Қазақстан мен БАӘ арасында жүк рейстері іске қосылады

0
102

Рейстер аптасына бір рет орындалады.


Қазақстан мен БАӘ арасында жүк рейстері іске қосылады

фото: Пресс-служба аэропорта Астаны

ERNUR.KZ. FlyDubai Қазақстан мен БАӘ арасында жүк рейстерін іске қосады, деп жазады sputnik.kz.
2 қазаннан бастап FlyDubai әуе компаниясы Алматы – Дубай – Алматы бағыты бойынша жүк рейстерін орындауды жоспарлап отыр.
"Рейстер Boeing 737 әуе кемелерімен аптасына бір рет орындалады. Олар Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасында импорттық және экспорттық жүктер тасымалын қамтамасыз етеді", - дейді министрлік.
Жүк рейстерінің іске қосылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды дамыту мүмкіндіктерін кеңейтіп, қазақстандық бизнес үшін қосымша логистикалық мүмкіндіктер қалыптастырады.