Қазірдің өзінде 6 мың мектеп және колледж мұғалімі арнайы курстан өтуге сақадай-сай тұр.
Фото: Kazpravda.kz
ERNUR.KZ. Бұл туралы Қазақстан Ұлттық банкінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.
Осылайша, енді елімізде мектеп мұғалімдеріне және колледж оқытушыларына қаржылық сауаттылық үйретілмек. Бұл болашақта арнайы пән ретінде қарастырылу үшін жасалып отыр. Демек, бұны дайындықтың алғышарты деуге әбден болады.
– Курстар бағдарламасына экономика негіздері мен жеке деректердің қауіпсіздігі де енгізіледі. 2025 жылдың қыркүйегінен бастап бес күндік курстан шамамен 6 мың мектеп мұғалімі және колледж оқытушысы өтеді, – делінген Қазақстан Ұлттық банкінің баспасөз қызметі таратқан мәліметте.
Бұл жұмыстар мұнымен тоқтап қалмайды, яғни 2026 жылы тағы шамамен 4 мың педагог оқытудан өтеді деп жоспарланған. Бұл одан кейінгі жылда да жалғасын табуы ықтимал.
Курстардағы білім арқылы еліміздің барлық мектебіндегі оқушыларды, колледждердегі студенттерді алдағы уақытта оқыту көзделіп отыр. Мұның бәрі балалардың қаржылық сауатты дұрыс игеріп, жайлы өмір сүруі үшін қолға алынуда.