Бұл норма жарты жыл бойы күшінде болады.
Фото: istockphoto.com
ERNUR.KZ. Ауыл шаруашылығы министрлігі 31 желтоқсаннан бастап Қазақстаннан етті үшінші елдерге және ЕАЭО елдеріне шығаруға арналған квота бөлу ережелері күшіне енетінін мәлімдеді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
«Осы норма 2026 жылғы 30 маусымға дейін қолданыста болады. Ірі қара мал етін әкетуге арналған квотаның жалпы көлемі 20 000 тоннаны құрайды», - делінген хабарламада.
Бір тұлғаға белгіленетін квота мөлшері бордақылау алаңының қуаттылығына байланысты айқындалады:
- бордақылау алаңының қуаттылығы 5 000 бастан бастап — 1 000 тонна;
- бордақылау алаңының қуаттылығы 10 000 бастан бастап — 2 мың тонна;
- бордақылау алаңының қуаттылығы 15 000 бастан бастап — 3 мың тонна;
- бордақылау алаңының қуаттылығы 20 000 бастан бастап — 4 мың тонна;
- бордақылау алаңының қуаттылығы 50 000 бастан бастап — 10 мың тонна.
Квота ет өңдеу кәсіпорнының ірі қара мал етіне бөлінеді.


