Қазақстан ІІМ Түркия азаматына іздеу жариялады

0
66

Ол аса ірі көлемде ұрлық жасады деп күдіктелген.


Қазақстан ІІМ Түркия азаматына іздеу жариялады

Фото:gov.kz

ERNUR.KZ. Қазақстанда түрік азаматына іздеу жарияланды. Бұл ақпарат Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу департаменттерінің порталында жарияланды, деп жазады tengrinews.kz.

Жарияланған деректерге сүйенсек, 47 жастағы шетел азаматы - Баран Абдулкадир іздестіріліп жатыр. Іздеу туралы іс 2026 жылғы 1 шілдеде тіркелген.

Іздеудің бастамашысы ретінде Қазақстан Ішкі істер министрлігі көрсетілген.

Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, күдікті Түркия азаматы. Ол аса ірі көлемде ұрлық жасады деп күдіктелген.

Іске қатысты басқа да мән-жайлары, күдіктінің қайда екені әзірге жарияланған жоқ.