Қытайдан келген тауық еті әлі де ел нарығына түсуде.
фото: ИИ/fabula-AI
ERNUR.KZ. Қазақстан құс өсірушілер одағы Қытайдан келетін контрабанданың көбейгеніне алаңдаулы, деп жазады ulysmedia.kz.
Ұйымның вице-президенті Максим Божконың айтуынша, көп жылдан бері қолданылып келе жатқан тыйымға қарамастан, Қытайдан келген тауық еті әлі де ел нарығына түсуде.
– 15 жыл бұрын Қытайда құс тұмауының өршіп тұрған кезде бұл тыйым енгізілген, қазіргі күнге дейін сол күшінде. Яғни ресми түрде Қытайдан Қазақстанға тауық еті мен жұмыртқа әкелуге болмайды. Бірақ бізде мұндай өнімнің жеткізілгені туралы фактілер бар, бұл – контрабанда, қара нарық. Мысалы, бір жүк машинасы кіргенде құжатта алма немесе басқа өнім делінеді, ал ашып қарасақ, ішінен тауық еті шығады, қораптарға салынған мұздатылған төс еті, – деді ол TengeTalks жобасының эфирінде.


