​ҚАЗАҚСТАН – Бірлік пен татулықтың алтын бесігі

0
138

Бүгінде қазақ жерінде татулығы жарасқан 130-дан астам ұлт өкілі бір шаңырақ астында өмір сүріп жатыр.


​ҚАЗАҚСТАН – Бірлік пен татулықтың алтын бесігі

ERNUR.KZ. Тарих толқынында халқымыз талай зобалаңды, талай сындарлы кезеңдерді бастан өткерді. Бірақ қандай қиындық болса да, ғасырлар көшінде жасампаздықпен алға қадам басып, гүлдену жолынан айныған емес.

Сол күрес пен төзімнің, елдік пен парасаттың арқасында қазақ халқы тәуелсіздігін алып, бейбіт өмірдің тәтті дәмін татты. Ал осы жетістіктің түп-тамыры – ел ішіндегі бірлік, татулық және тұтастықта жатыр.

Бүгінде қазақ жерінде татулығы жарасқан 130-дан астам ұлт өкілі бір шаңырақ астында өмір сүріп жатыр. Олардың жүрегін бір арман, бір мақсат, бір сенім байланыстырады – ол сенімнің аты Қазақстан.
Егер бір арманы мен ортақ мақсаты бар, келешекке бір көзқараспен қарайтын, ынтымағы жарасқан халық болмаса, еліміз бүгінгі деңгейге жете алмас еді. Бүгінгі таңда әлем көз тіккен Қазақстан көк аспан астында бейбіт өмірдің тұғырын биік ұстап келеді. Өйткені, бұл елде – бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығаратын жігерлі ұлдар, ибалы қыздар және ақылман қарттар бар.
Жыл сайын дүркіретіп атап өтетін 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні осының айқын дәлелі. Бұл – түрлі ұлт өкілдерінің достық мерекесі ғана емес, халқымыздың берік бірлігінің символы.