Қазақстан аумағында тағы да жер сілкінісі тіркелді

0
162

Эпицентр Қытай аумағында орналасқан.


Қазақстан аумағында тағы да жер сілкінісі тіркелді
Фото: © istockphoto.com

ERNUR.KZ. 5 қазан күні таңертең қазақстандық сейсмологтар жер сілкінісін тіркеді, деп жазады Azattyq Rýhy.

«Ядролық сынақтарға мониторинг жүргізу жөніндегі ұлттық деректер орталығының» жедел ақпаратына сәйкес, жер сілкінісі Астана уақытымен 11:20-да (Гринвич уақытымен 06:20) болған.

Эпицентр Қытай аумағында орналасқан.

Мәліметтер бойынша:

  • Координаттары – 40.47° солтүстік ендік, 77.15° шығыс бойлық;
  • Магнитудасы – 4.5 балл,
  • Энергетикалық класы – K=10.4.


Бұған дейін, 4 қазанда, Жетісу облысында да жер сілкінісі сезілген еді. Сол кезде Текелі мен Қарабұлақ елдімекендерінде 2 балдық дүмпу байқалған.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі жапа шеккендер мен қирандылар туралы мәлімет түспегенін хабарлады.

Мамандардың айтуынша, Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтары сейсмикалық белсенді аймақтардың қатарына кіреді. Мұндай дүмпулер Тянь-Шань және Жоңғар Алатауы белдеуіндегі табиғи процестермен байланысты.