Қауіпті вирус табылды: Алматыдағы Сайран көліне шомылуға тыйым салынды

0
654

Судан алынған сынамадан адам ағзасына аса қауіпті вирус анықталған.


Қауіпті вирус табылды: Алматыдағы Сайран көліне шомылуға тыйым салынды

ERNUR.KZ. Алматыдағы Сайран көлінде енді сауық-сайран құрып, шомылуға болмайды, деп хабарлайды Хабар24.

Көлдің суы ластанған. Бактереологиялық зерттеу нәтижесінде судағы адам ағзасына қауіпті вирустар мен ішек ауруы таяқшаларының қалыпты мөлшерден тоғыз есе асып кеткені анықталды.

Көл аумағы қоршалғанымен, санитарлық қызметтің қатаң ескертпесін елемей, суға түсіп, шомылып жүрген адамдардың әрекеті дұрыс емес дейді мамандар.

- Бүгіннен бастап әкімшілік, сосын ішкі істер мониторинг топпен тағы да демалыс күні шығады. Біз түсіндіру жұмыстарын өткіземіз, - дейді Алмалы аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы Сәуле Нұрғалиева,