Қасым-Жомарт Тоқаев: ЖИ тек бейбіт мақсатта пайдаланылуы тиіс

0
159

Президент цифрландыру және жасанды интеллект мәселесіне тоқталды.


Қасым-Жомарт Тоқаев: ЖИ тек бейбіт мақсатта пайдаланылуы тиіс

фото: Ақорда

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өтіп жатқан Digital Bridge форумының ашылуында сөйлеген сөзінде мәлімдеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Отыз жылдан астам уақыт бұрын Қазақстан бейбітшілік пен қауіпсіздік жолын таңдап, ядролық қарудан өз еркімен бас тартты. Бүгінде еліміз жасанды интеллект бейбіт мақсатта ғана қолданылуға тиіс деп батыл түрде мәлімдейді. Оның әскери салада, кибершабуылдарға және халықаралық тұрақтылыққа қатер төндіретін жобаларда пайдаланылуына жол беруге болмайды, - деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ Президент цифрландыру және жасанды интеллект мәселесіне тоқталды.

БҰҰ Бас Ассамблеясының таяуда өткен сессиясында мен Қазақстанның Ұйым аясында Жасанды интеллектіні басқару жөніндегі жаһандық диалог жұмысына атсалысуға дайын екенін растадым. Біз серіктестеріміздің бастамаларын, соның ішінде Қытайдың ЖИ саласындағы жаһандық ынтымақтастық ұйымын құру туралы ұсынысын қолдаймыз. Мен биыл халыққа Жолдауымды цифрландыру және жасанды интеллект мәселесіне арнадым. Біз алдымызға нақты мақсат қойдық: Қазақстан үш жыл ішінде нағыз цифрлық ел болуы керек. Бұл – өте ауқымды міндет. Сондықтан біз қазір еліміздің біртұтас цифрлық экожүйесін құру ісімен белсенді түрде айналысып жатырмыз, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.