Каспий теңізінен тағы екі сарбаздың денесі табылды

0
103

​Өкінішке қарай, қаза тапқандардың саны 11 адамға жетті,


Каспий теңізінен тағы екі сарбаздың денесі табылды

Фото: lada.kz

ERNUR.KZ. Бүгін, 24 қыркүйек күні Каспий теңізіндегі оқу жаттығу кезінде суға кетіп қаза тапқан тағы екі сарбаздың мәйіті табылды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Бұл туралы жергілікті «Лада» басылымы жазады. Маңғыстау өңірінен хабар тарататын басылымның мәліметіне сүйенсек, құтқарушылар тағы екі сарбаздың мәйітін тапқан.

Қалған бес жігіттен әзірге хабар-ошар жоқ. Айта кетейік, қаза тапқан сарбаздардың саны 11 адамға жетті.