Каспий теңізінде жер сілкінісі тіркелді

0
86

Мамандардың дерегінше, жерасты дүмпуі жергілікті уақыт бойынша сағат 09:50-де тіркелген.


Каспий теңізінде жер сілкінісі тіркелді

ERNUR.KZ. 2026 жылғы 2 мамырда Каспий теңізі аумағында магнитудасы 3,0 болатын жер сілкінісі болды, деп жазады Zakon.kz.


Бұл туралы Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясы жанындағы Республикалық сейсмологиялық қызметтің Жер сілкіністерін зерттеу бюросы мәлімдеді.

Мамандардың дерегінше, жерасты дүмпуі жергілікті уақыт бойынша сағат 09:50-де тіркелген. Жер сілкінісінің ошағы 27 шақырым тереңдікте орналасқан.

Сейсмологтар Каспий өңірі сейсмикалық белсенді аймақтардың бірі екенін атап өтті. Бұл аумақта әртүрлі қарқындылықтағы жер сілкіністері жиі байқалады.

Еске салайық, бұған дейін қазақстандық мамандар Каспий теңізіндегі соңғы жер сілкінісін 15 сәуірде тіркеген болатын.