Кәсіпкерлерге 3,5 трлн теңгеге мемлекеттік қолдау көрсетілді

0
104

Банк өтімділігін тарту үшін «Бәйтерек» холдингінің, Экономика министрлігінің, Ұлттық банктің, ҚҚҚ және ҚНРДА қатысуымен жобалық кеңсе құрылды. Синдикатталған қаржыландыру арқылы 9,1 трлн теңгені құрайтын 19 жоба мақұлданды.


Кәсіпкерлерге 3,5 трлн теңгеге мемлекеттік қолдау көрсетілді

ERNUR.KZ. 2025 жылғы 31 шілдедегі жағдай бойынша «Бәйтерек» холдингі кәсіпкерлерге 3,5 трлн теңгеге қолдау көрсетті, оның 1,75 трлн теңгесі – ШОБ субъектілеріне, 657,5 млрд теңгесі АӨК-ке тиесілі. Ірі бизнес 1,38 трлн теңгеге, экспорттаушылар – 394 млрд теңгеге қолдау алды. Субсидиялардан кепілдіктерге көшу шеңберінде «Даму» қорының базасында 7 млрд теңгеге дейінгі ШОБ жобалары және 7 млрд теңгеден астам ірі жобалар үшін кепілдік қорлары құрылды, деп хабарлайды UKIMET телеграм каналы.

Банк өтімділігін тарту үшін «Бәйтерек» холдингінің, Экономика министрлігінің, Ұлттық банктің, ҚҚҚ және ҚНРДА қатысуымен жобалық кеңсе құрылды. Синдикатталған қаржыландыру арқылы 9,1 трлн теңгені құрайтын 19 жоба мақұлданды.

«Бизнестің хабардарлығын арттыру мақсатында «Бизнестің цифрлық картасы» жобасы жүзеге асырылуда. 100-ден астам қолдау шаралары бар Тізілім бекітілді. “Бәйтерек” холдингіне қолдау көрсету шараларын қамтитын Bgov ақпараттық жүйесін 71 мың пайдаланушы 2,3 млн рет пайдаланған eGov Business қосымшасымен интеграциялау аяқталды», — деді Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Үкіметтің баспасөз орталығы алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар, вице-премьер шағын және орта бизнесті қолдау бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтты. 1 тамызда 288,3 млрд теңгеге 2 048 жоба субсидияланған, 61 млрд теңгеге 737 жоба кепілдік алған. 9 мыңға жуық кәсіпкер оқудан өткен. 2025 жылы ШОБ-ты қолдауға 271,1 млрд теңге бағытталады.

«12,6% мөлшерлемемен "Өрлеу" жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы іске қосылды. Жалпы қолдау көлемі – 750 млрд теңге. 200 млрд теңгеге 394 жоба қаржыландырылды», — деп атап өтті Серік Жұманғарин.