Қашып кеткен балалар үйінің тәрбиеленушілері Алматы облысынан табылды

0
103

Белгілі болғандай, бұл кәмелетке толмағандар аталған мекемеден бұрын да бірнеше рет өз еріктерімен кетіп қалған.


Қашып кеткен балалар үйінің тәрбиеленушілері Алматы облысынан табылды

Алматы қалалық полиция департаменті

ERNUR.KZ. Алматыдағы №1 балалар үйінен қашып кеткен қыздарды полицейлер тапты. Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаменті мәлімдеді, деп жазады tengrinews.kz.

"Жедел-іздестіру шаралары барысында қыздар Алматы облысы аумағынан табылды. Қазіргі уақытта екеуі де Бостандық аудандық полиция басқармасына жеткізілді, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр", – делінген ресми хабарламада.

Ведомство кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету полиция жұмысының басты бағыттарының бірі екенін атап өтті.

Еске салайық, Алматыдағы №1 балалар үйінен екі қыз қашып кеткені туралы еріктілер тобы LIDER.KZ хабарлаған болатын. Кейін олардың жоғалуына байланысты іздестіру жұмыстарына полицейлер де қосылды. Белгілі болғандай, бұл кәмелетке толмағандар аталған мекемеден бұрын да бірнеше рет өз еріктерімен кетіп қалған.