Оқиға Әбдіров даңғылындағы 12 қабатты тұрғын үйде болған.
© Sputnik/Ертай Сарбасов
ERNUR.KZ. Қарағандыда тұрғын үйден өрт шығып, бір адам қаза тапты, деп жазады sputnik.kz.
Оқиға 6 қаңтарда кешке Әбдіров даңғылындағы 12 қабатты тұрғын үйде болған.
Бесінші қабаттағы пәтерде жиһаз бен тұрмыстық заттар өртенген.
"Өрт сөндірушілер сегіз адамды (оның бесеуі – бала) құтқару үшін арнайы құрылғыларды пайдаланды. 15 адам баспалдақ арқылы эвакуацияланды", - деп хабарлады өңірдегі құтқарушылар.
1997 жылы туған ер адам жанған заттардың кесірінен түтінге уланып қайтыс болды.
Жалын 5 шаршы метр аумақты шарпыды. Өрттің себебі анықталып жатыр.


