Қарағандыда ферроқорытпа зауытында штаттан тыс жағдай болды – зардап шеккендер бар

0
724

Компания зардап шеккендерге барлық көмек көрсетілетінін әрі ауруханамен тұрақты байланыста екендерін де жеткізді. ​


Қарағандыда ферроқорытпа зауытында штаттан тыс жағдай болды – зардап шеккендер бар

ERNUR.KZ. 2024 жылдың 20 шілдесінде сағат 04:10-да YDD Corporation ферроқорытпа зауытында штаттан тыс жағдай болды. Сегіз жұмысшы әртүрлі дәрежеде жарақат алды, деп жазады Zakon.kz.


Кәсіпорынның баспасөз қызметі №1 пеште кенеттен жалын шыққанын нақтылайды.

"Қазіргі уақытта зардап шеккен барлық жұмысшы ауруханада, оларға шұғыл медициналық көмек көрсетіліп жатыр", – деп хабарлады YDD корпорациясы.




Компания зардап шеккендерге барлық көмек көрсетілетінін әрі ауруханамен тұрақты байланыста екендерін де жеткізді.

Бөлісу