Қарағанды-Астана тасжолында минивэн КамАЗ-ға соқтығысып, жүргізуші қаза тапты

0
126

Жол апатының видеосы әлеуметтік желілерде тарады.


Қарағанды-Астана тасжолында минивэн КамАЗ-ға соқтығысып, жүргізуші қаза тапты

Фото: instagram.com/dorogi_karagandy

ERNUR.KZ. Қарағанды – Астана тасжолында Toyota Estima көлігі КамАЗ-бен соқтығысып, жүргізуші көз жұмды. Тағы бір адам ауруханаға жеткізілді, деп жазады tengrinews.kz.

Жол апатының видеосы әлеуметтік желілерде тарады. Кадрларда минивэннің алдыңғы бөлігі түгелдей қирап, сынықтары жол бойына шашылғаны көрінеді.

"22 жастағы Toyota Estima көлігінің жүргізушісі Қарағандыға кетіп бара жатып, алдында келе жатқан жүк көлігіне соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан Toyota Estima жүргізушісі алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Ондағы жолаушы медициналық мекемеге жеткізілді", – деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, автотехникалық және өзге де сараптамалар тағайындалған. Тергеушілер қайғылы оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Полиция жолда қозғалыс жылдамдығын сақтаудың және тасжолда мұқият болудың маңыздылығын тағы да еске салды.