23 жастағы жігіттің қолын сынған.
Фото: ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі телеграм
ERNUR.KZ. Алматы облысы Қонаев қаласындағы Қапшағай су қоймасында ТЖМ қызметкерлері 23 жастағы ер адамға көмек көрсетті, деп жазады inbusiness.kz.
Оқиға су қоймасының солтүстік жағалауында болған. Жедел-құтқару жасағының мамандары патрульдеу кезінде "банан" үлгісіндегі үрлемелі су аттракционынан құлап, қолын жарақаттаған азаматты байқаған.
Зардап шеккен ер адам өздігінен жағаға шыға алмаған. Құтқарушылар оны судан шығарып, жағаға жеткізді және жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырды.
ТЖМ өкілдері тұрғындарды судағы демалыс кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырды.


