Қапшағай су қоймасында көлік мұз астына түсіп кетті

0
83


Қапшағай су қоймасында көлік мұз астына түсіп кетті

ERNUR.KZ. Қапшағай су қоймасында жеңіл автокөлік мұз астына түсіп кетті. Көлік ішінде болған екі әйел қиын жағдайда қалған, деп жазады BAQ.KZ.

Оқиға орнына ТЖМ-нің жедел-құтқару жасағы шұғыл түрде жіберілді. Құтқарушылар арнайы жабдықтарды пайдалана отырып, қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етті және мұз үстінде жұмыс жүргізді.

Нәтижесінде екі әйел жағаға шығарылып, оларға медициналық көмек оқиға орнында көрсетілді.