25 шілдеде елорда соты «Biz birgemiz» қайырымдылық қорының бұрынғы жетекшісі Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваға үкім шығарды.
Коллаж: DALL-E/pixabay
ERNUR.KZ. Мәдениет және ақпарат министрлігі қайырымдылық секторының ашықтығын арттыруға қатысты түсінік берді, деп жазады inform.kz.
— Қазіргі уақытта министрлік жанында қайырымдылық секторының ашықтығын арттыру бойынша кешенді ұсыныстар әзірлейтін жұмыс тобы бар. Осыған байланысты бірыңғай ақпараттық ресурс құру пысықталып жатыр, - делінген министрліктің Kazinform агенттігіне берген жауабында.
Онда қорлар туралы барлық негізгі дерек – есептер, қаражатты мақсатты пайдалану туралы мәлімет, бағдарламалар туралы ақпарат және қаражат жинау нәтижелері біріктіріледі.
— Бұл платформада Қайырымдылық ұйымдарының бірыңғай тізілімін құру жоспарланған. Бұл ашықтықты қамтамасыз етеді және қоғамдық сенімді қалпына келтіреді, - деп аталып өткен ведомство ақпаратында.
Айта кетейік, елімізде қайырымдылық қор қызметін заңмен реттеп, жауапкершілікті қатаңдату мәселесі көтерілген еді.
Еске салсақ, 25 шілдеде елорда соты «Biz birgemiz» қайырымдылық қорының бұрынғы жетекшісі Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваға үкім шығарды. Перизат Қайрат 10 жылға, анасы 7 жылға сотталды.


