Индонезия қазақстандықтар үшін визасыз режим қосты

0
162

Елде 30 күнге дейін визасыз жүруге болады.


Индонезия қазақстандықтар үшін визасыз режим қосты

Фото: depositphotos

ERNUR.KZ. Қазақстандық 11 шілдеден бастап Индонезияға визасыз кіре алады. Енді отандастарымыз бұл елде 30 күнге дейін емін-еркін саяхаттай алады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Бұған дейін әуежайға қонған бойда 33 доллар төлеп, құжат рәсімдеу міндетті болатын. Қазір аталған талап толық жойылды. Тек барар алдында электронды келу картасын толтырып алу қажет.

Индонезия осындай жеңілдік жасаған 19 елдің қатарына Қазақстанды да қосты. Бізбен бірге тізімде Малайзия, Түркия, Сингапур, Бразилия және Беларусь сияқты мемлекеттер бар.

Индонезия билігі жыл соңына дейін 17,6 миллион саяхатшыны қабылдауды жоспарланған болатын. Алайда Таяу Шығыстағы қақтығыстар әуе қатынасын қиындатып, мамыр айының соңына қарай 1,5 мыңға жуық ұшақ рейсі тоқтатылды. Салдарынан Еуропа мен Таяу Шығыстан келетін қонақтар саны сиреп кеткен.

Сондықтан Индонезия енді назарын Азия елдеріне бұра бастады. Олар жолы жақын әрі қатынау оңай аймақтардан, соның ішінде Қазақстаннан келетін туристер есебінен мәселені шешпек.