Грузияда 7 жастағы қазақстандық қыз жалғыз “қалып қойған“

0
111

Баланы елге қайтару шаралары алты ай бойы жүргізілген.


Грузияда 7 жастағы қазақстандық қыз жалғыз “қалып қойған“

ЖИ арқылы жасалған/ tengrinews.kz.

ERNUR.KZ. Оқу-ағарту министрлігі және Қазақстанның Грузиядағы елшілігі 7 жастағы қыз баланы елге қайтарды, деп жазады tengrinews.kz.

Баланы елге қайтару шаралары алты ай бойы жүргізілген. Осы кезеңде тиісті мемлекеттік органдар арасында келіссөздер өтіп, грузин тарапының құзырлы мекемелерімен байланыс орнатылған.

"Қажет құжаттар рәсімделіп, барлық рәсім заңнамаға сәйкес жүзеге асырылды. Қазір қыз бала қауіпсіз жағдайда, оған психологиялық қолдау көрсетіліп жатыр. Сондай-ақ, баланың мүддесі ескеріліп, заңнама талаптарына сәйкес оны отбасына орналастыру мәселесі қарастырылады", - деп жазылған хабарламада.

Ведомство мәліметінше, баланың құқығын, қауіпсіздігін қорғау мақсатында оның жеке дерегі, оқиғаға қатысты өзге де мәлімет жария етілмейді.