Ағымдағы маусымда бұл сұрыпқа патент алу жоспарланып отыр
фото: sputnik.kz.
ERNUR.KZ. Ғалымдар вилт ауруына төзімді мақта сұрпын шығарды, деп жазады sputnik.kz.
Жаңа мақта сұрпы – "Мақтаарал-5030" бойынша сынақтардың соңғы кезеңі аяқталып жатыр. Ағымдағы маусымда бұл сұрыпқа патент алу жоспарланып отыр.
Сынақ нәтижелері бұл сұрыптың жоғары агрономиялық әлеуетке ие екенін көрсетті. Вегетациялық кезеңі 110–115 күнді құрайтын шикі мақтаның өнімділігі — гектарына 43,5 центнер.
"Мамандардың ерекше назарын аудартқаны — сұрыптың вилт ауруына жоғары төзімділігі: жұқтыру жағдайында зақымдану деңгейі небәрі 0,1% болды, бұл "Береке-07" стандартты сұрпымен салыстырғанда (онда бұл көрсеткіш 0,4%-дан жоғары) әлдеқайда төмен", - деп жазылған хабарламада.
Жаңа сұрып агротехникалық жағдайларға, әсіресе ерте себу мерзімдерінде жақсы бейімделеді, дейді министрліктегілер.