Ғалымдар Каспий теңізі екіге бөлінуі мүмкін екенін ескертті

0
110

Ғалымдардың пікірі бойынша, су деңгейінің төмендеуіне белсенді тектоникалық қозғалыстар әсер етіп отыр.


Ғалымдар Каспий теңізі екіге бөлінуі мүмкін екенін ескертті

Фото:depositphotos.com

ERNUR.KZ. Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясының География институты мамандары Каспий теңізіндегі су деңгейінің төмендеуі уақытша құбылыс емес, ауқымды геологиялық процестердің бір бөлігі екенін айтады, деп жазады tengrinews.kz.

Ғалымдардың пікірі бойынша, су деңгейінің төмендеуіне белсенді тектоникалық қозғалыстар әсер етіп отыр. Каспий жас тау түзілу аймағында орналасқан: Кавказ таулары әлі де өсіп келеді, ал осы тектоникалық белсенділік судың тартылуына ықпал етеді.

"Каспий теңізі белсенді тектоникалық аймақта орналасқан. Кавказдағы тау түзілу процесі әлі аяқталған жоқ, сондықтан су деңгейінің төмендеуін бақылап отырмыз. Ал тектоникалық процестер өте ұзақ мерзімге созылады", - дейді Институттың ғылыми қызметкері Мирнух Исмаилов.

Оның айтуынша, келешекте Каспий теңізі екі бөлек су айдынына бөлініп кетуі мүмкін:

  • солтүстік бөлігі - Дербенд ойысында,
  • оңтүстік бөлігі - Ленкорань.

Бұл процесс ұзаққа созылады, бірақ қазіргі динамика сақталса, оған негіз бар.

География институтының тағы бір қызметкері Эльнур Джафаровтың айтуынша, су деңгейі төмендеп, теңіз жағалаудан 30 шақырымға да алыстауы ықтимал.