Facebook-тегі жазбаны жою үшін спорт кешені басшысынан 2,5 млн теңге бопсалағандар жазаланды

0
97

​Бопсалаушылар әлеуметтік желіде спорт кешені ғимаратының кемшіліктерін жазып, постты алып тастау үшін ақша талап еткен.


Facebook-тегі жазбаны жою үшін спорт кешені басшысынан 2,5 млн теңге бопсалағандар жазаланды

фото: baq.kz.

ERNUR.KZ. Таразда Facebook-тегі жазбаны жою үшін спорт кешені басшысын қорқытып, бопсалағандар жазаланды, деп жазады baq.kz.

Тараз қаласының № 2 соты адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалған қорқытып алу фактісі бойынша үш сотталушы Ж., А. және К.-ға қатысты қылмыстық істі қарады.
Белгілі болғандай, 2025 жылдың ақпан айында сотталушылар Ж., А. және К. жәбірленуші Б.-дан Ж.-ның «Facebook» әлеуметтік желісіндегі парақшасында жарияланған жазбаларды жою үшін жалпы сомасы 2,5 млн теңге талап еткен. Жазбаларда жәбірленуші директоры болып табылатын спорт кешені ғимаратының кемшіліктері баяндалған.
Бұдан басқа, болашақта мұндай ақпарат таралмауы үшін олар А. есімді әйелді жұмысқа қайта алуды, сондай-ақ комплеанс-қызмет қызметкері – азамат Г.-ны жұмыстан шығаруды талап еткен. Жәбірленуші Б. осы талаптарға келісім беріп, сотталушы К.-ға 2,5 млн теңге және екі дана жылдық абонемент берген.
Сот үкімімен сотталушылар ҚК 194-бабы 2-бөлігінің 2) тармағы бойынша кінәлі деп танылып, оларға: Ж. – 3 жылға бас бостандығынан айыру; А. және К. – 3 жылға бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды, - деп хабарлады Тараз қаласы № 2 сотының баспасөз қызметі.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.