Ерлан Қарин: Конституциялық заңдар пакеті саяси реформалардың құқықтық негізін күшейтеді

0
106

Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында депутаттар екінші оқылымда 6 Конституциялық заңды қабылдады.


Ерлан Қарин: Конституциялық заңдар пакеті саяси реформалардың құқықтық негізін күшейтеді

Фото: Ақорда

ERNUR.KZ. Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин конституциялық заңдар пакетінің қабылдануы мемлекеттік саясаттың тұжырымдамалық бастамалардан нақты құқықтық тетіктерге дейінгі жүйелі әрі дәйекті сипатын бекітетінін атып өтті, деп жазады inform.kz.

Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында депутаттар екінші оқылымда 6 Конституциялық заңды қабылдады:

1. «Қазақстан Республикасының Президенті туралы»;
2. «Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы»;
3. «Қазақстан Халық Кеңесі туралы»;
4. «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы»;
5. «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы»;
6. «Бірқатар конституциялық заңдарды Конституцияға сәйкестендіру туралы» (сайлау туралы, республикалық референдум туралы, Үкімет туралы, сот жүйесі туралы, Конституциялық Сот туралы, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы, Прокуратура туралы және басқа да заңдар).

— Аталған конституциялық заңдар пакетінің қабылдануы мемлекеттік саясаттың тұжырымдамалық бастамалардан нақты құқықтық тетіктерге дейінгі жүйелі әрі дәйекті сипатын бекітеді. Бұл — жаңартылған мемлекеттік-саяси модельдің құқықтық негіздерін нығайтатын 2026 жылғы Конституциялық реформаны жүзеге асырудағы аса маңызды кезең, — деді Ерлан Қарин.

Айта кетелік Парламент Президент пен вице-президенттің құқықтық жағдайын айқындайтын Заң қабылдаған еді.