"Тойын, концерттерін онлайн сататын әншілер салық төлеуі керек пе?" деп сұрады БАҚ өкілдері.
ERNUR.KZ. Қаржы министрі Мәди Такиев Үкіметте өткен брифингте журналистердің осы мәселеге қатысты қойған сұрағына жауап берді, деп жазады baq.kz.
"Тойын, концерттерін онлайн сататын әншілер салық төлеуі керек пе?" деп сұрады БАҚ өкілдері.
Салық төлеуі керек. Конституциямыз бар. Оның 35-бабы бойынша салық төлеу міндет. Сол себепті қосымша табыс болса, одан салық төленуі керек. Мысалы, әртістер той өткізеді, кейбірі тойларын TikTok-та көрсетеді. Олар жалпы тапқан табысын жыл соңында 1 наурызға дейін тапсыратын декларацияда көрсетуге міндетті, - дейді Такиев.
Кейін оның 10% салығын 10 сәуірге дейін төлеуі қажет.