Енді Қазақстанда күйзеліске түскен мұғалімдер психологқа тегін бара алады

0
83

​Әзірге екі облыста ғана психолог кабинеті ашылған.


Енді Қазақстанда күйзеліске түскен мұғалімдер психологқа тегін бара алады

Фото: iStockphoto.com

ERNUR.KZ. Қазақстанда тұңғыш рет мұғалімдерге психологиялық көмек көрсететін кабинеттер пайда болды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Педагогтердің тұрақты кәсіби дамуына, менталдық саулығына қамқорлық жасауға бағытталған жоба әзірге Түркістан және Ақтөбе облыстарының орталық филиалдарында іске қосылды.

«Бұл пилоттық жоба мұғалімдердің менталдық денсаулығын қолдауға, жұмыстағы күйзелістің алдын алуға және стрессті басқаруға арналған», - деп мәлімдеді ҚР Оқу-ағарту министрлігі.

Ведомствоның хабарлауынша, кабинетте кәсіби психолог жеке және топтық кеңес өткізеді, релаксация мен арт-терапия сабақтарын ұйымдастырады, түрлі тренингтер мен психологиялық диагностика жүргізеді. Бұл қызметтерді педагогтер «Өрлеу» орталығында біліктілікті арттыру курстарынан өту кезінде пайдалана алады. Жұмыс барысында этикалық нормалар, еріктілік және құпиялылық қағидаттары қатаң сақталады. Алдағы уақытта осындай кабинетті еліміздің басқа өңірлерінде де ашу жоспарланып отыр.