Енді Қазақстанда ипотеканың пайыздық мөлшерлемесі бастапқы жарнаға байланысты болады

0
140

Жарна аз болған жағдайда, керісінше, несие пайызы өседі.


Енді Қазақстанда ипотеканың пайыздық мөлшерлемесі бастапқы жарнаға байланысты болады

Фото: pixabay.com

ERNUR.KZ. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мәдина Әбілқасымова енді Қазақстанда ипотека пайызы бастапқы жарна көлеміне қарай белгіленетінін мәлімдеді. Көбірек ақша салғандар төмен пайызбен несие ала алады, деп жазады stan.kz.

Әбілқасымованың айтуынша, егер алғашқы жарна 30 пайыз немесе одан көп болса, ипотека мөлшерлемесі төмен болады. Ал жарна аз болған жағдайда, керісінше, несие пайызы өседі. Мысалы, 30 пайыздан төмен болса, мөлшерлеме шамамен 25 пайызға дейін жетуі мүмкін.

Мамандардың айтуынша, бұл тәсіл банктер үшін тәуекелді азайтады және халықты алдын ала қаражат жинауға ынталандырады. Яғни, бастапқы жарна неғұрлым көп болса, ипотека де соғұрлым тиімді болады.

Сонымен қатар, банктер енді "Отбасы банк" жүйесіне ұқсас өнімдерді ұсына бастады. Бұл жүйеде азаматтар алдымен депозитке ақша жинап, кейін төмен пайызбен ипотека ала алады.