Еліміздің тасқын қауіпті өңірлерінде алдын алу жұмыстары жалғасуда

0
89

2026 жылғы 1 наурыздан бастап мүдделі мемлекеттік органдарды тарта отырып, ТЖМ су тасқынына қарсы жедел штабы тәулік бойы жұмыс істейді.


Еліміздің тасқын қауіпті өңірлерінде алдын алу жұмыстары жалғасуда

ERNUR.KZ. Жалпы еліміздегі су тасқыны жағдайы штаттық режимде өтіп жатыр. Қазіргі уақытта еліміздің оңтүстік және батыс өңірлерінде су тасқынының белсенді кезеңі барынша азайтылды, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі.

Қазір Ақмола, Қарағанды, Қостанай және Абай облыстарының аумақтарында су тасқынының шыңы өтіп жатыр. Сонымен қатар Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары бақылауда.

2026 жылғы 1 наурыздан бастап мүдделі мемлекеттік органдарды тарта отырып, ТЖМ су тасқынына қарсы жедел штабы тәулік бойы жұмыс істейді. Барлық өңірлерде азаматтық қорғау қызметтері мен мүдделі ведомстволардың іс-қимылдарын үйлестіретін облыстық жедел су тасқынына қарсы штабтар құрылды.

Гидрологиялық жағдайдың тәулік бойы мониторингі және іс-қимылдарды үйлестіру қамтамасыз етіледі. Су тасқынына қарсы іс-шаралар жалғасуда және бақылауда.

Су тасқыны жағдайының күрделенуіне жол бермеу мақсатында алдын алу және жедел шаралар кешені іске асырылады. ТЖМ, жергілікті атқарушы органдар және басқа да қызметтердің күшімен 9 млн текше метрден астам қар шығарылды, 1 млн текше метрден астам еріген су сорылды, 62 мыңнан астам қап және 3 мың тонна инертті материал төселді, 1 млн 800 мың метрден астам арықтар мен каналдар тазартылды, 4 мыңнан астам уақытша бөген мен үйінді тұрғызылды.

Жағдайды бағалау үшін тұрақты мониторинг жүргізіледі. Барлығы 43 әуеден барлау жүргізіліп, 305 су тасқыны қаупі бар елді мекен тексерілді. Аэровизуалды бақылау жұмыстары жалғасуда.

Сонымен қатар ТЖМ әскери бөлімдерінің әскери қызметкері су тасқынына қарсы жұмыстарға Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарындағы су тасқыны қаупі бар учаскелерде шоғырланған.

Барлығы су тасқынына қарсы жұмыстарға 627 адам, 186 бірлік техника, 60 мотопомпа (ТЖМ, ЖАО, ІІМ және басқа ұйымдар) жұмылдырылды.

Қостанай, Павлодар, Ақмола облыстарында 11 судың тасуы мен Ұлытау, Ақмола, Алматы облыстарындағы 4 су шаю бақылауда.

Бүгінгі күні Қостанай облысында жағдай тұрақты, елді мекендерді су басу қаупі жоқ. Мониторинг жалғасуда.