Жаңа қызметке тағайындалғандардың бәрі бұрынғы қызметінен босатылды.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті шешімімен жаңа тағайындаулар жасалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Еlbasy.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті шешімімен:
Әділ Қапанұлы Тұрсынов Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті  – Елбасының көмекшісі – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесінің Ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі;
Нұрлан Жамбылханұлы Қаймолдаев Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Кеңсесі Басшысының орынбасары;
Айдос Ыдырысұлы Үкібай Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кеңесшісі – Баспасөз хатшысы болып тағайындалды.
"Жаңа қызметке тағайындалғандардың бәрі бұрынғы қызметінен босатылды", - делінген хабарламада.

 
                        

 
                         
                    









 
                     
                     
                     
                     
                    
