Ел халқы қазанда неше күн демалады

0
113

Республика күні 25 қазанда атап өтіледі.


Ел халқы қазанда неше күн демалады

ашық дереккөз

ERNUR.KZ. Қазақстандықтар қазан айында Республика күніне байланысты қосымша демалады. Биыл мереке жексенбіге түсетіндіктен, 26 қазан, дүйсенбі де демалыс күні болады, деп жазады ulysmedia.kz.

Республика күні 25 қазанда атап өтіледі. 2026 жылы бұл дата жексенбіге түседі. Қолданыстағы ережеге сәйкес, мемлекеттік мереке демалыс күніне сәйкес келген жағдайда, демалыс келесі жұмыс күніне ауыстырылады.

Сондықтан демалыс күндерінің кестесі мынадай болады:

  • Бес күндік жұмыс аптасында – 24-26 қазан аралығында қатарынан үш күн демалыс. Жұмысқа 27 қазан, сейсенбі күні шығуы керек.
  • Алты күндік жұмыс аптасында – 25 және 26 қазан демалыс күндері. 24 қазан, сенбі – жұмыс күні.

Жалпы, қазан айында бес күндік жұмыс аптасындағылар 21 күн жұмыс істеп, 10 күн демалады. Ал алты күндік жұмыс аптасында 26 жұмыс күні және 5 демалыс күні болады.