ЕҚЫҰ Қазақстанға адам саудасымен күрес жөніндегі жаңа жоспарды жүзеге асыруға көмектеседі

0
99

Офис полиция, прокуратура, дипломатиялық қызмет қызметкерлері мен заңгерлік қоғамдастық өкілдері үшін практикаға бағытталған тренингтер мен симуляциялар өткізеді.


ЕҚЫҰ Қазақстанға адам саудасымен күрес жөніндегі жаңа жоспарды жүзеге асыруға көмектеседі

ERNUR.KZ. Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисі Адам саудасына қарсы іс-қимыл жөніндегі 2027–2029 жылдарға арналған жаңа ұлттық іс-қимыл жоспарын дайындауға сараптамалық қолдау көрсетуде. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен дөңгелек үстелде Астанадағы ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Бағдарламалар офисінің бағдарламалық маманы Дина Джузбаева хабарлады.

Оның айтуынша, қанаудың жаңа түрлеріне, соның ішінде цифрлық ортамен байланысты қатерлерге ерекше көңіл бөлінуде. Офис мемлекеттік органдарға осы мәселе бойынша сараптамалық көмек пен талдау материалдарын ұсынады. Жұмыстың басты бағыттарының бірі – адам саудасына қарсы іс-қимыл жүйесіне тартылған мамандардың кәсіби даярлығын арттыру.

Офис полиция, прокуратура, дипломатиялық қызмет қызметкерлері мен заңгерлік қоғамдастық өкілдері үшін практикаға бағытталған тренингтер мен симуляциялар өткізеді. Оқытуда заманауи тергеу әдістемелері мен зардап шеккендердің құқықтарын қорғауға бағытталған тәсілдер қолданылады.

«Офис Қазақстанның мемлекеттік органдары, халықаралық серіктестер мен азаматтық қоғам арасындағы өзара әрекеттестікті қамтамасыз ете отырып, сондай-ақ елдің адам саудасына қарсы іс-қимыл жөніндегі негізгі халықаралық бастамалар мен форумдарға, соның ішінде ЕҚЫҰ Альянсы Конференциясына қатысуын қолдай отырып, халықаралық және ведомствоаралық ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді», – деді Дина Джузбаева.

Адам саудасының алдын алуға және халықтың хабардарлығын арттыруға ерекше көңіл бөлінеді. Көбіне жастармен жұмыс жүргізіліп, қанау тәуекелдері, зардап шеккендердің құқықтары мен қорғану жолдары туралы ақпарат таратылады.

2027 жылы Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисі мемлекеттік органдармен және басқа да серіктестермен ынтымақтастықты жалғастыруды көздеп отыр. Адам саудасына қарсы іс-қимыл жөніндегі 2027-2029 жылдарға арналған жаңа ұлттық іс-қимыл жоспарын жүзеге асыруға көмектесу басым бағыттардың біріне айналады.