Екі матрос әскери қызметін жалғастырып жатыр – Қорғаныс министрлігі

0
106

Каспийдегі әскери оқу-жаттығу кезінде 14 әскери қаза тапты.


Екі матрос әскери қызметін жалғастырып жатыр – Қорғаныс министрлігі

Фото: gov.kz

ERNUR.KZ. Қорғаныс министрлігі әлеуметтік желілерде мерзімді әскери қызметтегі матростар Ахметов А.А. мен Мағауия Ә.А. туралы таралып жатқан ақпаратқа қатысты түсініктеме берді, деп жазады inbusiness.kz.

Ведомствоның мәліметінше, әскери-теңіз күштері өткізген оқу-жаттығу барысында жеке құрамның бір бөлігі жағалауда болып, тиісті оқу міндеттерін орындады.

– Мерзімді әскери қызметтегі матростар Ахметов А.А. мен Мағауия Ә.А. жағалауда оқу міндеттерін орындаған әскери қызметшілер тобының құрамында болды. Қазір аталған әскери қызметшілер әскери бөлімнің орналасқан жерінде және күн тәртібіне сәйкес әскери қызметін атқарып жүр. Азаматтарды тексерілмеген және шындыққа сәйкес келмейтін ақпаратты таратпауға, сондай-ақ Қорғаныс министрлігінің ресми мәліметтеріне сүйенуге шақырамыз, – делінген хабарламада..