Дженнифер Лопестің Алматыдағы концерті 5 млрд теңге пайда әкеледі

0
198

Концертке ТМД елдерінен ғана емес, АҚШ, Ұлыбритания, Германия, БАӘ, Сауд Арабиясы, Швейцария, Қытай, Түркия, Мексика елдерінен де қонақтар келеді.


Дженнифер Лопестің Алматыдағы концерті 5 млрд теңге пайда әкеледі

ERNUR.KZ. 10 тамызда Алматыда өтетін Дженнифер Лопестің концерті Қазақстан экономикасына 5 млрд теңге пайда әкеледі. Бұл туралы Astana Concert продюсері Мәлік Хасенов айтты, деп жазады baq.kz.

Оның айтуынша, шоуға билеттерді 29 елдің көрермендері сатып алған. Концертке ТМД елдерінен ғана емес, АҚШ, Ұлыбритания, Германия, БАӘ, Сауд Арабиясы, Швейцария, Қытай, Түркия, Мексика елдерінен де қонақтар келеді.

Осындай жоғарғы деңгейдегі оқиғалар – Қазақстан, оның ішінде Алматы үшін туризмнің драйвері. Қалалық әкімдіктің туризм басқармасының мәліметінше, әрбір турист кемінде 3-5 күнге келіп, шамамен 1500 доллар жұмсайды. Яғни, 8000 турист бір уақытта келіп, осындай қаражат жұмсайтын болса, HoReCa жүйесіне, яғни қонақүйлер, мейрамханалар мен кафелер, экскурсиялар және концертке билет арқылы шамамен 5 млрд теңге түседі. Бұл – тек 10 тамыздағы бір концерттің әсері, – деді Хасенов.

Ол осындай шоулардың туристерді тартуда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

Дженнифер Лопестің концерті – болашақтағы іс-шараларға жол ашатын концерт. Бәлкім, шілде айының басында, 1 шілдеде сіздерді тағы бір тамаша жаңалықпен қуантамыз деп ойлаймын, – деп уәде берді Хасенов.

Айта кетейік, 10 тамызда Алматыдағы Орталық стадионда әлемдік деңгейдегі әнші Дженнифер Лопестің концерті өтеді.

Еске салайық, 1 тамызда "Астана Арена" алаңында Дженнифер Лопестің концерті өтеді, "Astana Concert" продюсері Мәлік Хасеновтың айтуынша, ол 15 мыңнан астам туристерді жинап, қала экономикасына 6,5 миллиард теңге көлемінде үлес қосады.