Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бөлімшелері жабылады

0
109

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басқарушы лауазымдағы қызметкерлерінің саны 2 есе азаяды.


Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бөлімшелері жабылады

Фото: AP News

ERNUR.KZ. Сонымен қатар департаменттердің жартысы жабылады, деп жазады inbusiness.kz.

Өйткені, ұйымды қаржыландыру көлемі азайған. Бұл туралы ұйымның бас директоры Женевада басталған Дүниежүзілік денсаулық сақтау Ассамблеясының сессиясында жариялады. Тедрос Адханом Гебрейесус осы аптада бюджеттің кеміген нұсқасын қайта қарастыратындарын айтты. Оның құны - 4 миллиард доллар. Бұл әуелде жоспарланған бюджеттен 21%-ке аз. АҚШ Президенті Дональд Трамп қаңтарда өз қызметіне кірісе салысымен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан шығу туралы жарлыққа қол қойды. Өйткені, ол мүше елдер арасында жарна төлеу бойынша әділетсіз жүйе қалыптасқанын айтқан болатын. Бұған дейін АҚШ ұйымның ең ірі доноры болып келді.

- Әрине, ауыз толтырып айтатындай жетістігіміз аз емес. Бірақ кейінгі кездері біраз қиындыққа тап болғанымызды да айту керек. Қаржының қысқаруынан кемі 70 елдегі науқастар қажетті емін қабылдай алмай отыр. Медициналық мекемелер жабылып, әріптестеріміз жұмыссыз қалуда. Науқастарға да ауыртпалық түсіп отыр. Себебі, олардың дәрігерге қаралу шығындары артқан , - деп мәлімдеді ДДСҰ бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус.