Бүгінде арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтарында емтиханды ұзақ күтуге тура келеді.
фото: Polisia.kz
ERNUR.KZ. Құрылтайдағы "Ақ жол" фракциясы жүргізуші куәлігін алуға арналған емтиханға өзгеріс енгізу мәселесін көтерді, деп жазады sputnik.kz.
Депутат Мейрам Шынасилованың айтуынша, бүгінде арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтарында емтиханды ұзақ күтуге тура келеді.
"Кейде 6 айға дейін созылады. Бос орындар лезде таусылады. Жазылу тетігі ашық емес, қай орынның кімге және қалай берілгені белгісіз. Ал тапшылық пен ашықтық жоқ жерде ақылы делдалдар пайда болмай қоймайды", - деді Шынасилова Құрылтайдың бүгінгі отырысында.
Фракция депутаттары осы мәселеге қатысты үкіметке бірнеше ұсыныс жолдады. Олар:
1. Кезектерді қысқарту мақсатында мамандандырылған ХҚКО-лардың жұмыс уақытын сағат 20:00-ге дейін ұзарту;
2. Теориялық және практикалық емтихандарды қабылдау орындарын көбейту үшін Ұлттық тестілеу орталығының және Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің базасын пайдалану;
3.Белгіленген бірыңғай талаптарға сәйкес келетін жеке құрылымдар мен жеке автодромдарды аккредиттеу арқылы емтихан қабылдауға тарту;
4.Емтиханға жазылуды тек eGov және eGov Mobile арқылы жүзеге асыру.


