Департамент тарапынан 160-тан астам қызмет алушының құқықтары қалпына келтірілді

0
61

Егер мемлекеттік қызмет сапасыз көрсетілсе, уақытылы көрсетілмесе немесе қызмет алушыға оны алудан негізсіз бас тартылса, Департамент тиісті шаралар қабылдайды.


Департамент тарапынан 160-тан астам қызмет алушының құқықтары қалпына келтірілді

ERNUR.KZ. Департамент тарапынан 160-тан астам қызмет алушының құқықтары қалпына келтірілді.

- Департамент азаматтардың мемлекеттік қызметтерді алу кезінде құқықтарын қалай қорғайды?

Өз құзыреті шегінде Департамент мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнаманың сақталуына бақылау жүргізеді және азаматтардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру бойынша шаралар қабылдайды.

Егер мемлекеттік қызмет сапасыз көрсетілсе, уақытылы көрсетілмесе немесе қызмет алушыға оны алудан негізсіз бас тартылса, Департамент тиісті шаралар қабылдайды.

Мәселен, ағымдағы жылдың басынан 163 қызмет алушының құқықтары қалпына келтірілді.

- Жыл басынан бері барлығы қанша заң бұзушылық анықталды?

Жыл басынан бері Департаментпен 44 бақылау іс-шарасы жүргізіліп, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қатысты азаматтардың 68 өтініші қаралды.

Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 3 мыңға жуық заң бұзушылық анықталды.

Олардың қатарында құжаттар топтамасы толық болмаған жағдайда мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік қызметтерді уақытылы көрсетпеу, оларды көрсету тәртібін бұзу және азаматтарға негізсіз бас тарту фактілері бар.

- Азаматтардың өтініштеріне көбіне қандай салалар себеп болады?

Қызмет алушылардың шағымдары көбінесе жер қатынастары, сәулет, ауыл шаруашылығы, халықты әлеуметтік қорғау және құжаттандыру салаларындағы мемлекеттік органдардың әрекеттеріне қатысты болады.

Мысалы, азамат В.-ның өтінішін қарау барысында Павлодар қаласы әкімінің аппаратында жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден негізсіз бас тарту фактісі анықталды.

Өтініш берушінің уәждері расталды. Департаменттің ұсынымы бойынша азаматтың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру мақсатында берілген негізсіз бас тартудың күші жойылып, қызмет алушыға заңнама талаптарына сәйкес шешім қабылданды.

Жол берілген заң бұзушылық үшін жауапты лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

- Өтініштерді қарау және жоспарлы тексерулерден басқа бақылаудың қандай түрлері жүргізіледі?

Департамент жұмысының құралдарының бірі - мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне қол жеткізу арқылы мемлекеттік қызметтердің көрсетілуіне мониторинг жүргізу. Бұл шағымдар мен жоспарлы тексерулерді күтпей, мониторинг барысында заң бұзушылықтарды тікелей анықтауға мүмкіндік береді.

Жыл басынан бері ақпараттық жүйелерге 47 мониторинг жүргізіліп,
2 мыңға жуық заң бұзушылық анықталды.

Қызмет алушылардың құқықтарының бұзылғаны анықталған жағдайда, Департамент тиісті шаралар қабылдайды.

- Қызмет алушылардың құқықтарын қалпына келтіру бойынша нақты мысал келтіре аласыз ба?

Мысалы, «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесіне жүргізілген мониторинг барысында Павлодар облысының медициналық және фармацевтикалық бақылау департаментінің «Клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификатын беру» мемлекеттік қызметін көрсетуден негізсіз бас тарту фактілері анықталды.

Атап айтқанда, бас тарту жоғары білім туралы дипломның, интернатурадан өткені туралы куәліктің және резидентурадан өткені туралы куәліктің түпнұсқалары болмауына байланысты берілген. Бұл құжаттардың түсті форматтағы сканерленген нұсқалары болуы тиіс дегенді білдіреді.
Іс жүзінде құжаттардың ақ-қара көшірмелері қабылданбаған.

Сонымен қатар, аталған мемлекеттік қызмет электрондық форматта көрсетіледі. Демек, оны алу үшін қажетті құжаттар түпнұсқа түрінде емес, электрондық көшірмелер түрінде ұсынылуы тиіс.

Департаментпен шаралардың қабылдануы нәтижесінде 64 қызмет алушының құқықтары қалпына келтірілді.

Бұл мысал мемлекеттік қызметтерді көрсету процесіне тұрақты бақылау жүргізудің және анықталған заң бұзушылықтарға уақытылы ден қоюдың қаншалықты маңызды екенін көрсетеді.

- Заң бұзушылықтарға жол берген лауазымды тұлғаларға қатысты қандай шаралар қабылданады?

Азаматтардың құқықтарын қалпына келтіру Департамент жұмысының негізгі нәтижелерінің бірі болып табылады. Сонымен қатар, заң бұзушылықтарға жол берген тұлғаларға қатысты да тиісті шаралар қабылданады.

Мәселен, жыл басынан бері 32 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 465-бабының 1, 2 және
3-бөліктері бойынша 6 лауазымды тұлғаға қатысты 16 әкімшілік хаттама толтырылды.

Әкімшілік ықпал ету шараларын қолдану нәтижесінде мемлекет бюджетіне 1 384 000 теңге өндірілді.

- Мемлекеттік қызметті алу кезінде өз құқықтары бұзылған жағдайда азаматтар не істеуі керек?

Қызмет алушыларға еске саламыз: егер мемлекеттік қызметтерді сапасыз көрсету, негізсіз бас тарту, артық құжаттарды талап ету, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу және мемлекеттік қызметтерді алу кезінде өзге де заң бұзушылықтарға тап болсаңыздар, Instagram парақшасына және Telegram-арнасына, сондай-ақ «EgovKzBot2.0»
бот-платформасы арқылы жүгіне аласыздар.

Сонымен қатар, 8 (7182) 20-85-06 сенім телефонына хабарласуға болады.

А. Молдагельдинова
Мемлекеттік қызметтер басқармасының
бас маманы