"Денесін гаражға жасырып, қашып кеткен": Павлодарлық кәсіпкерді өлтірген күдікті Ресейден экстрадицияланды

0
68

Биыл 21 ақпанда жәбірленуші жұмысқа кетіп, кейін байланысқа шықпай қойған.


Фото: Видеодан скрин

ERNUR.KZ. Павлодарлық кәсіпкерді өлтірді деген күдікке ілінген қазақстандық Ресейден экстрадицияланды, деп жазады stan.kz.

Биыл 21 ақпанда жәбірленуші жұмысқа кетіп, кейін байланысқа шықпай қойған. Осыдан кейін ол хабар-ошарсыз жоғалды деп танылған. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында сол күні кәсіпкердің Павлодарда күдіктімен оның тұрғын үйінің ауласында кездескені анықталды.

Арадай ақшаға байланысты келіспеушілік туып, жанжал болған. Күдікті жәбірленушінің кеудесі мен бетіне 22 рет пышақ сұққан. Жәбірленуші сол жерде алған жарақаттарынан көз жұмған.

Күдікті қылмыстың ізін жасыру мақсатында марқұмның денесін және көлігін гаражына жасырып, кейін Қазақстаннан шығып, шетелге қашып кеткен. Осы жылдың наурыз айында ол Ресей аумағында ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы бойынша елге экстрадицияланды. Қазір күдікті тергеу изоляторына қамалды.

Оған айып тағылған қылмыс бойынша 8 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстандық кәсіпкер өзін тонаған қызметкердің кім екенін басқа жәбірленушілер де жазған кезде әшкерелегені туралы жазған едік.