Биыл ақпаннан бастап Мемлекеттік кірістер комитеті табысын төмен көрсеткен 594 блогерге қатысты 53,3 млрд теңгенің хабарламасын жібере бастады.
Фото: freepik.com
ERNUR.KZ. Табысы туралы декларация тапсыру дауына қатысты 7 блогермен сот процесі жүріп жатыр. Бұл туралы Қаржы министрі Мәди Такиев мәлім етті, деп жазады inform.kz.
— 854 блогерге декларация тапсыру туралы хабарлама жолданды және 620 блогер қосымша 18,141 млрд теңгеге декларация тапсырды. Қазір 234 блогермен жұмыс істеп жатырмыз, яғни толыққанды құжат тексеріледі. Сондай-ақ бүгінде 7 блогерге қатысты сот процесі жүріп жатыр, — деп жауап берді Мәди Такиев Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.
Осы орайда Қаржы министрі барлық блогерді бизнес жүргізу барысында мұқият болуға шақырып отыр.
Айта кетсек, биыл ақпаннан бастап Мемлекеттік кірістер комитеті табысын төмен көрсеткен 594 блогерге қатысты 53,3 млрд теңгенің хабарламасын жібере бастады. Тексеру, салыстыру қорытындысы бойынша 594 тұлғаның табысында 53,3 млрд теңгеге сәйкессіздік анықталған.