Даудан кейін қызметінен кеткен Серік Сәпиевтің орнына жаңа басшы тағайындалды

0
244

Берік Досымбеков өңірдің спорт саласында ұзақ жылдан бері еңбек етіп келеді.


Даудан кейін қызметінен кеткен Серік Сәпиевтің орнына жаңа басшы тағайындалды

Фото:Stan.kz collage

ERNUR.KZ. Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы қызметін атқарған Серік Сәпиевтің орнына уақытша басшы тағайындалды, деп жазады stan.kz.

Енді Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасын уақытша Қарағанды қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт секторының меңгерушісі Берік Досымбеков басқарады.

Бұған дейін аталған қызметті Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев атқарған. Алайда ол өз орынбасары самбодан Азия және әлем чемпионаттарының жүлдегері Дәурен Есімхановпен болған даудан кейін қызметінен кеткен еді.

Бұл жағдай қоғамда үлкен резонанс тудырып, кеңінен талқыланды. Кейіннен қос лауазымды тұлғаның да өз еркімен қызметтен кеткені белгілі болды.

Айта кетейік, дереккөздердің мәліметінше, Берік Досымбеков өңірдің спорт саласында ұзақ жылдан бері еңбек етіп келеді. Ол бұл секторды он жылдан астам уақыт басқарған, ұйымдастырушылық және басқарушылық тәжірибесі мол маман ретінде танылған.