«Даму» қоры 226,3 мың жобаға қолдау көрсетті

0
78

Қазіргі уақытта «Даму» қорының бағдарламалары негізгі 3 құрал арқылы жүзеге асырылады: субсидиялау, кепілдік беру және жеңілдетілген несие беру.


«Даму» қоры 226,3 мың жобаға қолдау көрсетті

ERNUR.KZ. Қаржы бағдарламалары іске асырылған уақытта 14,2 трлн теңге несие сомасына 226,3 мың жобаға қолдау көрсетілді. Оның ішінде субсидиялау бойынша 8,93 трлн теңге несие сомасына 119 мың жоба, кепілдендіру бойынша 2,37 трлн теңге сомасына 73,2 мың жоба, жеңілдетілген несие бойынша мөлшерлеме 3,3 трлн теңге сомасына 32,1 мың жоба қолдау тапты. Бұл жайлы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Талғат Смағұлов ОКҚ брифингінде хабарлады.

«2024 жылы мемлекеттік бағдарламалар арқылы 1 трлн 713 млрд теңге бойынша 29 513 жобаға қолдау көрсетілді. Атап айтқанда, субсидиялау бойынша 17 623 жоба 1014 млрд теңге көлемінде, несиені кепілдендіру бойынша 9 173 жоба 449 млрд теңге сомасына, жеңілдетілген несие бойынша 2 717 жоба 554 млрд теңге көлемінде. Ал, салалар бойынша, ең басты мақсатымыз - ол өнеркәсіп саласын дамыту, сол салаға атап өткен көлемнің 36%-ы берілді. Бұл 622 млрд теңгені құрады. Одан кейін көлік және қоймалау саласы,246 млрд теңне жқмсалды. Туризм саласына 109 млрд теңгеден астам және білім беру саласына 109 млрд теңге, өзге салаларға 627 млрд теңге жұмсалды», – деді спикер.

Бұл жобаларды іске асыру есебінен мемлекеттік қолдау алған барлық өндіруші 2024 жылы 25,4 млрд теңгеге өнім шығарды. Олар 1,7 трлн теңгеге салық түсімдерін қамтамасыз етіп, 9,7 мың жаңа жұмыс орнын құрды. 2024 жылғы динамикаға сәйкес, 2023 жылмен салыстырғанда қолдау тапқан жобалар саны 24%-ға және несиелер сомасы 9%-ға өсті. Пандемия және пандемиядан кейінгі кезеңде кәсіпкерлерді қолдау көлемі ұлғайтты, нәтижесінде қамту орташа жылдық деңгейден 1,5-2 есе асып түсті.

Қазіргі уақытта Қор бағдарламаларының шарттарына өзгерістер енгізіп жатыр.

Мемлекет басшысының 2025 жылғы 21 қаңтарда Үкіметтің кеңейтілген отырысы барысында айтылған тапсырмасы мен Үкіметтің 2025 жылғы 02 сәуірдегі қаулысына сәйкес Қор 2 Кепілдік қорын құрды. Біріншісі 7 млрд теңгеге дейінгі жобаларға, екіншісі 7 млрд теңгеден астам ірі инвестициялық жобаларға арналған.

Бірінші Кепілдік қоры шеңберінде кепілдіктер берудің негізгі шарттары: кепілдік беру жүзеге асырылатын жоба шеңберінде қаржыландыру сомасы 7 млрд теңгеден аспайды; кепілдіктің ең жоғары мөлшері-қаржыландыру сомасының 85%-на дейін, бірақ 3,5 млрд теңгеден аспайды; ұсынылатын кепілдік мерзімі-қаржыландыру мерзімінің 5 айынан асатын мерзім; кепілдіктер жеделдетілген рәсім бойынша — екі жұмыс күні ішінде, «Даму» Қоры тарапынан қайта сараптама жасалмайды. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің міндеттемелері бойынша кепілдіктер екінші деңгейдегі банктермен жасалған портфельдік кепілдік беру туралы келісімдер шеңберінде беріледі.

Екінші Кепілдік қоры шеңберінде кепілдіктер берудің негізгі шарттары: кепілдік беру жүзеге асырылатын жоба шеңберінде қаржыландыру сомасы 7 млрд теңгеден асады; кепілдіктің ең жоғары мөлшері – жоба құнының 30% дейін; берілетін мерзімі – 15 жылға дейін. Әр өтінім «Даму» қоры тарапынан жеке қаралады.