Қызмет енді пайдаланушыларға ұлттық қауіпсіздік, білім беру, тұрғын үй және жұмыспен қамтуға қатысты мәселелер бойынша кеңес бере алмайды.
ERNUR.KZ. Чат-ботты жасаған OpenAI компаниясы ережелерін жаңартып, ChatGPT-ке пайдаланушыларға екі тақырып бойынша кеңес беруге тыйым салды, деп жазады baq.kz.
Компания клиенттер чатботтан кеңес ала алмайтын бірқатар жағдайлар бар екенін мәлімдеді. Бұл тізімге пайдаланушыларға ChatGPT-ке "лицензиясы бар маманның тиісті қатысуынсыз заңгерлік немесе медициналық кеңес сияқты лицензияны қажет ететін мамандандырылған кеңес беру" үшін хабарласуға тыйым салатын тармақ кіреді.
Сонымен қатар, қызмет енді пайдаланушыларға ұлттық қауіпсіздік, білім беру, тұрғын үй және жұмыспен қамтуға қатысты мәселелер бойынша кеңес бере алмайды.


