Жаһандық цифрлық платформалармен өзара іс-қимылды жетілдіру аясында 2025 жылғы мамырдан бастап OpenAI, L.L.C. компаниясы шартты түрде тіркелді.
Фото: Bluesoft
ERNUR.KZ. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті мәлім етті, деп жазады inbusiness.kz.
"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті цифрлық экономикада ашықтық пен әділ салық салуды қамтамасыз ету бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Жаһандық цифрлық платформалармен өзара іс-қимылды жетілдіру аясында 2025 жылғы мамырдан бастап OpenAI, L.L.C. компаниясы шартты түрде тіркелді", – делінген хабарламада.
Бұл – жасанды интеллект саласындағы жетекші америкалық ұйым, кеңінен танымал ChatGPT интеллектуалдық жүйесінің әзірлеушісі.