Полиция қылмыстық іс қозғады.
Фото: istockphoto.com
ERNUR.KZ. Бурабай ауданындағы көл жағасында демалушылар арасында жанжал шығып, соңы пышақтасуға ұласты. Оқиға салдарынан бір адам жарақат алды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Төбелес Щучинск қаласындағы «Большой забой» жағажайында болған. Жергілікті тұрғындар арасындағы келіспеушілік салдарынан бір ер адамның сол жақ білегі мен сол қолы тілініп кеткен.
Полиция қызметкерлері аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
«Оқиғаға қатысушылардың барлығы анықталды, қазіргі таңда қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тергеу қорытындысы бойынша әрбір қатысушының әрекетіне құқықтық баға беріледі», - деп хабарлады полиция өкілдері.


