​Бүйрегін 15 млн теңгеге сатпақ болған қарағандылық рақымшылыққа ілікті

0
126

Оқиға биыл сәуір айында болды.


​Бүйрегін 15 млн теңгеге сатпақ болған қарағандылық рақымшылыққа ілікті

Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

ERNUR.KZ. Ақтөбе қалалық сотының судьясы 27 жастағы қарағандылыққа заң аясында рақымшылық жасады. Бүйрегін 15 млн теңгеге сатпақ болып, ақшаның тең жартысын алып жатқанда ұсталған сотталушы сот залынан босап шықты, деп жазады inform.kz.

Оқиға биыл сәуір айында болды. Қарағанды облысы Нұра ауданының 27 жастағы тұрғыны әлеуметтік желі арқылы бүйрек сататынын жазып, хабарлама қалдырады. Арада бірнеше күн өткенде Ақтөбе қаласынан хабарласып, келіседі. Кейін қарағандылық медициналық тексеруден өтуге келісіп, жолға шығады. Ақтөбеге келген соң тапсырыс беруші ұсынған пәтерге орналасып, келісім бойынша тексеруден өтеді. Сөйтіп ақырғы келісімде, 7,5 млн теңге ақша алып жатқан кезде ұсталып, тергеу жүреді. Оған Қылмыстық кодекстің 24-бабының 3-бөлігі, 116-бабының 1-бөлігімен айып тағылды. Алайда бүгін ол рақымшылық жасау туралы өтініш хат түсірді.

— Қылмыстық кодекстің 24-бабы 3-бөлігі, 116-бабы 1-бөлігімен көзделген қылмыстық құқықбұзушылықты жасады деп айыпталған сотталушы Қылмыстық кодекстің 78-бабы 2-бөлігі негізінде Конституцияның 30 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы актісіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылсын. Қылмыстық іс жүргізу қылмыстық-процестік кодекстің 35-бабы 1-бөлігі 3-тармағы негізінде тоқтатылсын. Күзетпен ұстау туралы бұлтартпау шарасы жойылсын, — деді № 2 Ақтөбе қалалық сотының судьясы Аян Кусаев.