Бүгіннен бастап қысқы шинамен жүрмеген көліктер айыппұл арқалайды

0
100

1 желтоқсаннан бастап көліктер қысқы шинамен жүруге міндетті.


Бүгіннен бастап қысқы шинамен жүрмеген көліктер айыппұл арқалайды

фото: motor43.ru

ERNUR.KZ. Қысқы шина көлік құралының барлық доңғалақтарына орнатылуы керек, ал протектор биіктігі 4 мм-ден кем болмауға тиіс, деп жазады inbusiness.kz.

Бұл көліктің тежеуін орнықты етеді әрі тайғанамайды. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 590-бабы 5-бөлігіне сәйкес 1 желтоқсаннан 1 наурызға дейін автокөлік қысқы доңғалақтармен жүреді.

Талап орындалмаса, 5 АЕК айыппұл қарастырылған, бұл 19 660 теңге. Ескертуді елемеген жағдайда айыппұл 20 АЕК көлемінде қарастырылған, яғни 78 640 теңге.